«Ақсұңқар» ойындары өзара жарыс сипатында өткізіледі. Оның бағдарламасына өзеннен, жыралар мен жарқабақтардан өту, пневматикалық винтовкадан нысаналар көздеу, жылдамдықпен судағы кедергілерден өту және қол гранаталарын лақтыру енгізілген.
«Жарысқа қатысушы оқушылар далада дайындалған астан дәм татты. Ойын, өтетін аймақта олар сарбаздардың шатырын орналастырды. Мұнда медициналық пункт ұйымдастырылып, онда қалалық дәрігерлер кезекшілік етті»,-делінген ҚР Қорғаныс министрлігі баспаөз қызметінің мәліметінде.
«Ақсұңқар» ойындарының қорытындысы бойынша № 52 мектеп-лицейінің оқушылары жеңімпаз атанды. Екінші орынды № 51 мектеп-гимназиясы, үшінші орынды № 63 мектеп-лицейі иемденді. Чемпиондар кубоктермен, медальдармен, бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.
Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Бахтияр Пернебеков оқушыларды жеңістерімен құттықтап әскери жетекшілердің үздік жұмысын атап өтті.
«Ақсұңқар» әскери-патриоттық ойындары Ұлы Отан соғысының 68 жылдығына, Қазақстан Қарулы Күштерінің 21 жылдығына және Астана қаласының 15 жылдығына арналды.