Естеріңізге сала кетейік, ҚазҰТУ ұйымдастырған олимпиада 26-27 ақпан аралығында өтті. 2 турдан тұратын білім бәсекесіне Алматы қаласы, Алматы облысы, Шымкент, Тараз қалаларынан мыңға жуық 10-11 сынып оқушылары қатысты. Бұлардың ішінен 28-і жүлдегер, 6-уы жеңімпаз атанған болатын.
Бүгінгі шара барысында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге, олардың ұстаздарына «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг», «Қазатомөнеркәсіп», «Космостық зерттеулер ұлттық орталығы», «Сименс» компанияларының бағалы сыйлықтары тапсырылды. Бұнымен қатар Космостық зерттеулер ұлттық орталығы Алматы қаласындағы №15 мектеп оқушысы Данияр Керімқұловқа ҚазҰТУ-да оқуға грант берсе, ҚазҰТУ атынан барлық жеңімпазға бір жылдық грант берілді.