деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жүздесуде олар Отан қорғау жолындағы замандастарының ерлігін паш етіп, Отанды сүюдің қасиетті ұғым екендігін әңгіме өзегіне арқау етті. Кент ардагерлер ұйымының төрағасы Әбдішүкір Батырбаев пен мектеп директоры Жеңіскүл Рыспанбетова қарт майдангерлердің өмірі өскелең ұрпаққа өнеге екендігін жеткізіп, Жеңіс мерекесін бірге тойлайық деген игі ниеттерін білдірді.