"Қылыш сабында Жером Наполеонның монограммасы сақталған. Бұл өте үлкен қызығушылық тудыруда, Жером Франция императоры Наполеонның інісі. Монограмманың жоғары жағында тәж бейнеленген, бұл қылыш иесінің жоғары лауазымды болғанын білдіреді",- дейді Вилей өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Надежда Авдей.
1812 жылғы соғыс кезінде Наполеон Вилей жерінен екі рет өткен. Сол шақта Наполеонның кіші інісі Жером Бонапарттың қылышы қалып қоюы әбден мүмкін. Табылған қару кімге тиесілі екенін арнайы сараптама анықтайтын болады.