Мектеп оқушылары суретке түсеміз деп көпірді сындырды - ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Небраска қаласындағы мектеп оқушылары қаладағы көпірдің бірін сындырып алды. Жоғарғы сынып оқушыларының қоштасу суретіне түсу туралы идеясы қала әкімшілігіне жаңа проблема туындатып берді, деп жазады Day.Az.

Ұжымдық суретке түсу үшін оқушылар ақ көпірді таңдаған. Өзі босаңсып тұрған көпір 22 оқушының салмағын көтере алмай сынып кетті. Оқушылардың барлығы көпірдің астындағы өзенге құлаған. Қаладағы білдей бір көпірді сындырғанына қарамастан, оқушылар қуанышты кейіпте суретке түсіп, діттегендеріне жетті.