Талдықорғанның орталық алаңын мектеп оқушылары кемпірқосақтың бүкіл түстеріне бояп шықты. Суреттердің тақырыбы - «Нашақорлық - бұл жамандық». Бұдан кейін аулалық клубтар арасында битбокс және рэп жастардың музыкалық стилі бойынша сайыстар өтті. Мектеп оқушылары ролик жарыстарына қатысты.
Полицейлер акцияның ұйымдастырушыларымен бірігіп жарыстың барлық қатысушыларына грамоталар мен басқа да бағалы көтермелеу сыйлықтарын дайындады. Шара би кешімен аяқталады.