Мектеп оқушыларының Халықаралық математикалық олимпиадасының Үйлестіру кеңесі 51-ші ХМО-ны өткізуге қолдау көрсеткені үшін ҚР Президентіне алғыс айтты
«Сіз басқарып отырған мемлекеттің халықаралық аренадағы жетстіктерін, сондай-ақ Қазақстан математиктерінің табыстарын тану Халықаралық математикалық олимпиада басшылығының Халықаралық 51-ші математикалық олимпиаданы Қазақстан Республикасында өткізу туралы 2007 жылы шешім қабылдауына әкелді», - делінген Мемлекет басшысының атына Халықаралық математикалық олимпиада Үйлестіру кеңесінің төрағасы Назар Агаханов жолдаған хатта.
Хатта сондай-ақ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен оған қарасты ұйым - «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы олимпиада өткізу бағдарламасын терең ойластырып жасағаны атап өтілген. Олимпиадаға қатысушылардың республикада өмір сүріп жатқан халықтардың мәдени дәстүрлерімен, елдің бірегей табиғатымен, жаңа елорда - Астананың қызықты сәулеттік келбетімен танысуға мүмкіндік жасалды.
Н.Агаханов 51-ші Халықаралық математикалық олимпиада халықаралық ынтымақтастық, соның ішінде математика саласында білім беруді дамыту міндеттерін ойдағыдай шешті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы ұстанымын нығайтуға жәрдемдесті, деп атап көрсетті.