Мектеп оқушыларының төбелесі адам өлімімен аяқталды

None
ОРАЛ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласы мектептерінің бірінде қайғылы оқиға орын алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сабақтан кейін төбелесіп қалған оқушылардың бірі екіншісіне пышақ сұғып алған. «Жедел жәрдем» шақырылып, ауруханада операция жасалғанымен, бала жансақтау бөлімінде көз жұмды. Олардың екеуі де оныншы сыныпта бірге оқыған. Күдікті қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.