Оқиға Питтсбург қалашығының Regional High School оқу орнында орын алған.
Полиция күдіктіні қолға түсірді. Алдын ала ақпарат бойынша ол сол мектептің оқушысы болып шықты. 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер әр алуан ауыр дәрежедегі пышақ жарақатын алған. Олардың бәрі ауруханаға жеткізілді. Мектеп уақытша жабылған. Полиция ғимаратты тексеріп жатыр.