Мектеп оқушысы атып жаралаған ұстаз көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эстонияда мектеп оқушының атқан оқтан жарақат алған мұғалім көз жұмды.

Оңтүстік аймақтық прокуратурасы хабарлағандай, Вильянди қаласындағы мектепте болған атыс туралы хабарлама жергілікті уақыт бойынша сағат 13:55-те келіп түскен. Салдарынан оқытушы зардап шекті. Оқ атқан сол мектептің 9-шы сынып оқушысы ұсталды.

Оқиғаның мән-жайы әзірге хабарланған жоқ.