Мектеп оқушысын зорлады деген күдікті ұсталды - Павлодар

None
ПАВЛОДАР. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар полициясы 15 қыркүйекте 11 жасар мектеп оқушысын зорлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Келесі күні облыс ІІД орталық жедел басқару орталығының инженер-технигі аға лейтенант Руслан Сәрсентай көшеден өтіп бара жатып, велосипед теуіп бара жатқан ер адамды көзі шалып қалды. Күдіктіде велосипедтің де қатысы бар еді, басқа да айғақтары сәйкес келді.

Руслан іздеуде жүрген күдікті туралы облыс ІІД жедел басқару оралығына хабарлады. Көп ұзамай оны ұстап, уақытша оқшаулау абақтысына қамады, тергеу амалдары жүріп жатыр.