Мектеп жанындағы жол инфрақұрылымын дамытудың кешенді жоспары әзірленді

АСТАНА. KAZINFORM – Биыл оқу орындарының жанында жол инфрақұрылымын дамыту бойынша кешенді жоспар әзірленіп, оны облыс әкімі бекітті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Әсет Оспанов мәлім етті. 

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

«Балалардың жол-көлік жарақатын азайту мақсатында мектептер және мектепке дейінгі мекемелер мен оларға іргелес аумақтар орналасқан жерлердегі жол инфрақұрылымының жай-күйіне тексеру жүргізілді. Осылайша, әр облыста 2024 жылға арналған оқу орындарының жанында жол инфрақұрылымын дамыту бойынша кешенді жоспар әзірленіп, оны облыс әкімі бекітті», - деді Әсет Оспанов ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін елімізде өгей ата-анамен тұратын балалар ерекше бақылауға алынатыны туралы хабарлаған едік.

Сондай-ақ, брифинг барысында бала тәрбиесіне осал қараған 6 мыңнан астам ата-ананың есепке алынғаны айтылды