Мектепке дейінгі балалар арасында шығармашылық фестивалі өтеді

АСТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған  «Еліміздің болашағы»  атты балалар шығармашылығының қалалық фестивалі  30 қарашада елордада Оқушылар сарайында өтеді.  Бұл туралы елорданың ресми сайты хабарлады.

Іс-шараға  20-23 қараша аралығында №37 «Арман» және  №22 «Әлем» балабақшасында іріктеу кезеңінен өткен 5 жастан 7 жасқа дейінгі сәбилер қатысады.  Байқау: вокал, мәнерлеп оқу және би өнері -  үш шығармашылық бағытта ұйымдастырылады.

«Фестиваль  қазіргі қоғамда баланың үйлесімді дамуын тәрбиелеу, оның елінің бөлінбес кішкентай бөлшегі ретіндегі түсінігін қалыптастыру, бойында адамгершілік, рух, отансүйгіштік пен ұлттық мәдениетке деген құрмет сезімін тәрбиелеп, вокалдық қабілеттерін дамыту және ең жақсы  патриоттық әндерді насихаттауды мақсат тұтады», - дейді фестиваль ұйымдастырушылары.