«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 97 408 педагог жұмыс істеп жүр. Оның ішінде ауылдарда 41 596 (42,7%), ал қалада 55 811 (57,3%) адам қамтылған», - деді Н. Жұмаділдаева.
Оның айтуынша, жыл сайын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі өзгеріс аясында біліктілікті арттыру курстарынан өтетін педагогтер саны артып келеді.
«2022 жылы 14 мыңнан астам педагог курстардан өтсе, 2023 жылы 21 мың маман қамтылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің жалақысын өсіру ескерілген. Бұдан бөлек, олардың жүктемесін азайту қарастырылып жатыр», - деді департамент басшысы.