Мектепке дейінгі тәрибе мен оқыту бойынша балаларды қамту бірқатар аймақтарда 90 пайызға жетті - Б. Жұмағұлов

АСТАНА.  24 тамыз. ҚазАқпарат -  Биыл мектепке дейінгі тәрибе мен оқыту бойынша балаларды қамту бірқатар аймақтарда 90 пайызға жетті.

Бұл туралы бүгін Астанада «Білім беру жүйесін жаңғырту - адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты» республикалық педагогикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысы барысында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша ел Президенті 2020 жылы балаларды 100 пайыз қамту туралы тапсырма берді. 2009 жылы еліміз бойынша қамту 36 пайыз болса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 65,4 пайызға, ал бірқатар аймақтарда 90 пайызға жетті.  Бұл - баршаға бірдей мүмкіндік беруге және жаңа адам капиталын қалыптастыруға жасалған қадам»,-деп атап өтті министр.