Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті.
«Бірінші жыртыжылдықтың қорытындылары бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға келетін балалардың саны 35 мыңға ұлғайды», - деді ол.
Қ.Келімбетовтің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ақтөбе және Орал қалаларында зияткерлік мектептерін салу қолға алынған. Сондай-ақ елімізде мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін қосымша оқыту орталықтары ашылатын болады.
«Кәсіптік-техникалық білім беруді жетілдіру мақсатында «Кәсіпқор» акционерлік қоғамы ашылды. Астана, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларында әлемдік деңгейдегі кәсіптік-техникалық колледждер ашу мәселесі пысықталуда», - деді ол.