«Мектебімізге Мұхтар Әуезовтың есімі беріледі деген қуанышты хабарды өте ұзақ және тағатсыздана күттік. Біз салған достық көпірі жақын бауырлас екі халық арасындағы достықтың берік көпіріне айналуы үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Халықтар арасындағы достық түсінігі жай сөз емес. Халықтар достығы мәңгі жасайды!», - дейді екі ел арасындағы достық пен ынтмақтастықтың белгісі ретінде 2009 жылы М.Әуезов есімі берілген Минскідегі №143 орта мектептің ұстазы Анна Булва.
09:35, 26 Қазан 2011
Мектепке Мұхтар Әуезовтың есімі беріледі деген қуанышты хабарды ұзақ күттік - беларустық ұстаз
НСК. 26 қазан. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - ҚазАқпараттың бұрын хабарлағанындай, Минскіде қазақтың ұлы жазушысы және қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына арналған экспозиция салтанатты түрде ашылды.