Игілікті іс-шара барысында тұрмысы төмен отбасыдан шыққан балаларға, жетімдерге, жалғысбасты аналардың ұл-қыздарына мектепке қажетті оқу құралдары, киім-кешектер үлестірілді. Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына 1857 бала қатысты. Сондай-ақ, игі шараға Алматы (897 отбасы), Астана (716), Алматы облысы (817), Ақмола облысы (588), Қарағанды (470), Қызылорда (225), т.б. облыс пен қала мешіттері үлес қосты.
Айта кетейік, «Мектепке жол» акциясы жыл сайын жүзеге асырылады.