Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне облыстық білім басқармасының басшысы Наурызбай Байқадамов айтып берді.
Облыс бойынша Эрисман парталарын алуға 421 350 мың теңге бөлініп, 8287 дана парта алынуда. Сырдария ауданы мен Қызылорда қаласында конкурс енді жариялануда, ал қалған аудандардың білім ошақтары парталармен толық қамтылған.
Стоматологиялық кабинетті жабдықтауға 23 бор машинасына 50 830 мың теңге қаралып, бүгінгі таңда Қызылорда қаласы мен Қазалы ауданынан басқа аудандарда олар толығымен жабдықталған.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың ақыл-ойының жан-жақты дамуы үшін қажетті «Монтесорри» кабинетін жабдықтауға 53 мемлекеттік балабақшаға облыстық бюджеттен 78,3 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жасалуда, деп атап өтті Н.Байқадамов.