Алматыда партия мүшелері «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына көмек көрсетті.
«Бір жарым мыңнан астам алматылық отбасыға планшеттер, кеңсе тауарлары бар рюкзактар, веб-камералар және тағы басқа оқу құралдарын бердік. Партия мүшелері қайырымдылыққа бөлінген ақшаның көп бөлігін оқушыларға компьютерлік техника сатып алуға жұмсады. Бұл жердегі біздің волонтерлердің басты міндеті – карантиннің барлық шарттарын сақтай отырып, осы көмекті отбасыларға жеткізу»,– дейді Мәди Ахметов.
Бұл жұмысқа арнайы дайындықтан, арнайы курстан өткен 50-ге жуық волонтер жұмылдырылған. «Мектепке жол» акциясы биыл 12-ші рет өткізіліп отыр.