«Қазақстан халқы Ассамблеясы қалалық әкімдікпен бірлесе отырып «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырдық. Республикалық акцияға жыл сайын қатысып келеміз. Балалардың тізімін бізге әкімдік берді. Акцияға келсек, әр балаға рюкзак бердік, оның ішінде оқу құралдары бар. Сонымен қатар әр балаға 30 мың теңгенің сертификаты табыс етілді. Бәрі - аз қамтылған, жағдайы төмен отбасы балалары», - деді Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Акбаржан Исмаилов.
Оқушыларға көмек Қазақстан халқы Ассамблеясы, елорда әкімдігі және тәжіктердің республикалық этномәдени орталығының ұйытқы болуымен ұйымдастырылды.
«5 балам бар, оның ішінде төртеуі - оқушы. Төрт балама рюкзак пен сертификат берді. Бүгінгі шара туралы Алматы аудандық әкімдігі хабарлап айтты. Аудан әкімдігіне алғысымды айтамын, үнемі осы секілді іс-шараларға шақырып отырады», - деді көпбалалы ана Нұргүл.