Мектепте «5» деген баға болмайды - вице-министр М.Сарыбеков

АСТАНА. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Баланың білімін «бестікпен» емес, ұпаймен бағалау жүйесіне көшетін боламыз.

Бүгін Астанада басталған Қазақстан педагогтарының тамыз конференциясы аясында журналистерге сұхбат берген ҚР Білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сарыбеков осылай айтты.

«Иә, баланың білімін «бестік» жүйемен бағалау дәстүрі бізде бұрыннан бері қалыптасқан. Ал шетелдік мектептерде бүгінде мүлдем басқа жүйе қолданылады. Бүгінде оны Назарбаев зияткерлік мектептері де қолға алып, баланың білімін 10-12 ұпайлық жүйемен бағалау тәжірибесін зерделеп жатыр. Ол, әзірше, қанатқақты жоба ретінде іске асуда. Меніңше, біз 12 жылдық білім беруге көшу барысында  бірте-бірте осы жүйеге көшетін боламыз», - дейді вице-министр.