Мектепте бомба бар деп қалжыңдаған балалардың ата-анасы 30 мың теңгеден айыппұл төледі
22:59, 27 Қаңтар 2024
СЕМЕЙ. KAZINFORM - Әзілкеш оқушылардың ата-анасы жазаланды.
Оқиға 17 қаңтарда Абай облысында болған.
Полиция террористер туралы хабарламаға байланысты білім мекемесін қоршауға алды. Тексеру барысында ақпарат расталмады.
Кейінірек мектептегі террористік акт жайында 13-14 жас аралығындағы екі жасөспірімнің хабарлағаны белгілі болды. Олар жедел желіге қоңырау шалған.
Сәтсіз әзіл жазаға әкелді. Арнайы қызметтерді себепсіз шақырғаны үшін жасөспірімдердің ата-анасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.
Екі оқушы есепке алынды.
Олардың мінез-құлқы енді ювеналды полиция инспекторларының бақылауында болады.