Үш жасөспірім қаза болды. Ауруханада тағы үш оқушы жатыр, дәрігерлер олардың екеуінің жағдайлары қиын, тағы біреуінікі ауыр деп отыр.
Бұл оқиға 24 қазан күні таңертең орын алған. Тапаншамен қаруланған 14 жастағы Джейлин Фрайберг мектеп асханасына кіріп, оқ жаудырған. Салдарынан бір адам оқиға орнында жан тапсырды, жеті адам түрлі деңгейдегі жарақаттар алды. Қылмыскер соңынан өзін де атып тастаған.