Мектепте тамақтандырудың жаңа стандарты бекітілді - министр
10:57, 12 Тамыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Мектепте оқушыларды тамақтандыруға қатысты өзгерістер қабылданды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті.
- Балаларды мектепте қауіпсіз тамақтандыруды қамтамасыз етуге қатысты жаңа оқу жылынан бастап бірқатар оң өзгеріс қабылданды. Мәселен, білім ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастырудың жаңа стандарты бекітілді, мәзір әзірлеу құзыреті білім басқармаларынан денсаулық сақтау басқармаларына өтті, - деді Ғ. Бейсембаев Үкімет отырысында.
Сонымен қатар, тағамды дайындау барысын қадағалау міндеті мектептердегі медицина қызметкеріне жүктелді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл балабақшалар ваучерлік қаржыландыру жүйесіне өтеді.