Мектепте жәбір көрудің салдары ондаған жылдар бойы сезіледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мектепте қысым көрудің салдары кейіннен де әсер етеді. Жасөспірім ер жетсе де оқу орнындағы жәбірліктің зардабын сезінетін болады.

Британдық ғалымдардың зерттеуіне қарағанда, мектепте қысым көрген балаларда жүйке және тән денсаулығында проблемалар жиі кездесетін көрінеді. Және де олар мектеп жылдарында болған оқиғалардан кейінгі 40 жыл бойы оның салдарын сезінеді екен.

Осындай тұжырым жасауға 1958 жылы туғандар арасынан 7771 адам қатысқан зерттеудің нәтижесі себеп болды, деп жазады шетелдік БАҚ.