Мектептерде ата-аналардан заңсыз ақша жинау фактілері туралы сенім телефондарына хабарлауға болады - Астана

АСТАНА. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат – Мектептерде ата-аналардан заңсыз ақша жинау фактілері туралы Астана қаласы прокуратурасының сенім телефондарына хабарлауға болады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Баспасөз қызметінің түсінік беруінше, Астана қаласының прокуратурасы жасөспірімдердің жалпы орта және бастапқы кәсіптік білімді тегін алу құқықтарының сақталуына, сондай-ақ қаладағы білім ошақтарында орын алып жатқан заңсыз ақша жинау фактілеріне тексеру жүргізіп жатыр. «Жоғарыда аталған заңнама талаптарының бұзылу және мектептер мен балабақшалардың қажеттіліктері үшін ата-аналардан ақша жинау фактілері туралы қалалық прокуратураның сенім телефондарына - 71-24-48, 71-24-35- хабарлауға болады», деп мәлімдеді Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.