Мектептерде «Кока-кола» сатуға тыйым салмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Қоғамдық палатасы мектептерде «Кока-кола» сатуға тыйым салуды сұрады. Тыйым барлық қанты бар газдалған сусындарға қатысты, деп жазады izvestia.ru.

Қоғамдық палатаның бірінші орынбасары Владислав Гриб РФ премьер-министрі Дмитрий Медведевке мектептерде, балалар ауруханаларында, басқа да кәмелетке толмаған балаларға арналған мекемелерде тәтті газдалған сусынды сатуға тыйым енгізу бойынша өтінішпен жүгінді. Оның пікірінше, «Кока-кола» мен осы тәрізді сусындар ұлт денсаулығына кері әсер етуде.

«Қоғамдық палата мүшелері жасанды бояу, қоспалар, хош иістендіргіштер қосылған қатты газдалған алкогольсіз қанты бар сусынды күнделікті бақылаусыз тұтынатындар үшін алаңдаулы», - делінген хатта.

Қоғам өкілдері осы мәселедегі әлемдік тәжірибеге сүйенеді, кей елдерде, бірқатар америкалық штаттарда балалар мекемелерінде газдалған сусындарды сатуға заңмен тыйым салынған. Проблеманың жоғары әлеуметтік маңыздылығын ескеріп, олар Премьер-Министрге РФ Денсаулық сақтау министрлігіне қатты газдалған алкогольсіз қанты бар сусындарды өндіруді, таратуды, пайдалануды реттейтін нормативтік құқықтық акті жобасын әзірлеуді тапсыруды сұрайды.

Ресей Денсаулық сақтау министрлігінде егер Премьер-министр ведомствоға тиісті өкім берсе, Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары мәселені қолға алатынын а йтты.