Мектептерде білім сапасын бағалау үшін халықаралық зерттеу жүргізіледі

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

АСТАНA. KAZINFORM – 1 сәуір - 15 мамыр аралығында еліміздің білім беру ұйымдарында білім сапасын бағалауға арналған PIRLS-2026 және TIMSS-2027 халықаралық зерттеуі өткізіледі.

Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, PIRLS-2026 зерттеуінің алтыншы цикліне 50-ден астам ел қатысып жатыр.

PIRLS – 4-сынып оқушыларының оқу сауаттылығын бағалауға бағытталған халықаралық зерттеу. Қазақстан атынан зерттеуге 219 мектептен 8800-ден астам оқушы қатысады.

Сонымен қатар зерттеу сауалнамасына 8800 - ге жуық ата-ана, 400-ге жуық мұғалім және 219 білім беру ұйымының басшысы қатысады.

Айта кетейік, Оқу-ағарту министрлігі өткен жылдардағы тәжірибені зерделей келе, оқушыларды 1 - сыныпқа қабылдау науқанының басталу мерзімін 1 сәуірден 27 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.