«Ондай сабақтарда оқушыларға арнайы бейнебаяндар көрсетіледі. Басты рөлдерді пластик, қағаз және тағы басқа қатты тұрмыстық қалдықтар сомдайды. Олар экологияға келетін қауіп-қатерлер жайында өздері баяндайды. Себебі біз ол заттарды күнде өзіміз тастаймыз. Бірақ қоршаған ортаға қаншалықты зиян екенін жете түсіне бермейміз» , - дейді «Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысының жетекшісі Мұxтар Манкеев.
Оның айтуынша, осы уақытқа дейін ұйымның бастамасымен 50-ге жоба қолға алынды. Соның ішінде «жасыл сабақтар» бастамасы да бар.
Айта кетейік, бүгін «Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысы тағы бір жобаның басталғанын жариялады. Ол - «Zhangyru» корпоративті оқыту» жобасы .