«Балаларға арналған спорт секциялары мен клубтар жетіспейді. Қазіргі уақытта республикада мектептер жанында 9 мыңнан астам спорт алаңы бар. Бірақ, спорт секцияларымен оқушылардың тек қана 27 пайызы қамтылған. Ресеймен салыстырсақ, оларда 82 пайыз қамтылған. Спорттық инфрақұрымды жаппай дамыту керек», - деді ол.
Министр деректеріне қарағанда, мектептерге 1300-ден астам спорт залы жетіспейді. Бұл мәселені депутаттар да көтеруде. Осыған орай алдағы бюджетте министрлік қаржыландыру бойынша құжаттар енгізетін болады.
«Қылмыс жасаудың алын алу мақсатында 5 мыңға жуық білім беру ұйымында бейнекамералар орнатылды. Бұл білім беру ұйымдарының жалпы санының тек қана 36 пайызын құрайды. Бұл өте тиімді тетік. Осыған жергілікті органдар арнайы бағдарлама жасап, қаржыландыруы қажет», - деді Е.Сағадиев.