Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Наурыз айының басында орын алған осы оқиға кезінде белгісіз біреулер мектеп күзетшісін соққыға жығып, информатика кабинетінен жалпы құны 1 млн. 600 мың теңгеге бағаланған 16 ноутбукті ұрлап әкеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Криминалдық полиция қызметкерлері қарақшылық шабуылға қатысқандарды ұстады. Олар осы мектептің түлегі - 18 жастағы қылмысты ұйымдастырушы және екі жоғары сынып оқушылары болып шықты.