Мельбурндық жүргізуші бір топ адамды қағып өте шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аустралияның Мельбурн қаласындағы (Виктория штаты) оқиғадан зардап шеккендердің саны 15 адамға жетті. Бейсенбі күні бір топ жаяу адамдарды автомобиль қағып кетті,деп хабарлайды ТАСС .

Бұл туралы штаттың жедел жәрдем қызметінің  Twitter парақшасында жарияланған.

«Жедел жәрдем дәрігерлері, ауруханаға 13 адамды жеткізді»,-делінген хабарламада. Сонымен бірге дәрігерлер тағы екі адамның жағдайы туралы айтады.

Ал Associated Press агенттігі жергілікті полияция мәліметтеріне сүйене отырып, оқиға салдарынан зардап шеккендердің саны 19 ға  жеткендігін  жазды.

Sky News телеарнасы олардың арасында мектеп жасына да толмаған бала бар екендігін хабарлады.  Куәгерлердің айтуынша, ақ түсті жол талғамайтын көлік бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамастан, жол айырығындағы бірнеше адамды қағып өте шыққан.

Виктория штатының полицейлері жүргізуші ұстаған. Тәртіп сақшылары куәгерлерден оқиғаны фото немесе видеоға түсіргендер болса жіберулерін сұрап отыр.