Олардың некесі он жылға созылды, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.
Жас айырмашылығы 20 жылға жуықтайтын ерлі-зайыптылардың ажырасуына олардың арасындағы алауыздық себеп болған. Хаттон мен Тедди Джой 2002 жылы Мел Гибсонның анасы - Анна қайтыс болғаннан кейін екі жылдан соң үйленген болатын. Оның үстіне Анна мен Хаттонда он бала болды. Қазір Хаттон Гибсонның 50-ден астам немересі бар. Тедди мен Хаттонның арасында бала болған жоқ.