Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысына төрағалық етті

Фото: DW

АСТАНА. KAZINFORM — Мақалада отырыстың негізгі тақырыбы «Балалар, технологиялар және білім беру қақтығыстар жағдайында» деп көрсетілген, деп хабарлайды DW

АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп білім беру мен жасанды интеллектіні дамыту маңыздылығына тоқталған.

Ол білімнің адамдар арасындағы эмпатияны, география, дін, раса, жыныс және жергілікті дәстүрлерден тыс байланыстарды нығайта алатынын атап өткен.

Сонымен қатар, Иран елшісі Амир Саид Иравани АҚШ-тың әскери соққылар кезінде балаларды қорғау мәселесін талқылауын «ұят және екіжүзді» деп сынаған. Бұл отырыс БҰҰ тарихында қазіргі әлемдік көшбасшының жұбайы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына төрағалық ететін бірінші жағдай болмақ.

Айта кетелік Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысына төрағалық ететіні туралы жазған едік.