Мелания Трамп Эпштейнмен байланысы туралы мәлімдеме жасады
02:24, 10 Сәуір 2026
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп Джеффри Эпштейнмен қандай да бір байланысы болғанын жоққа шығарды, деп хабарлайды Anadolu.
«Мені масқара аты шыққан Джеффри Эпштейнмен байланыстыратын жалған ақпарат бүгін тоқтатылуы тиіс», – деді ол Ақ үйде.
Мелания Трамптың айтуынша, өзі және жұбайы, АҚШ президенті Дональд Трамп кейде Эпштейн қатысқан қоғамдық іс-шараларға барған. Алайда бұл Нью-Йорк пен Флоридадағы Палм-Бич элиталық ортасына тән қалыпты жағдай болған.
«Нақты айтамын, менде ешқашан Джеффри Эпштейнмен де, оның сыбайласы Гислейн Максвеллмен де ешқандай қарым-қатынас болған емес», – деп мәлімдеді ол.
Айта кетейік, АҚШ Әділет министрлігі Эпштейн ісіне қатысты құжаттарды сайтынан алып тастады.