Мелания Трамп мінген ұшақ көк түтінге оранды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бортында АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп болған ұшақ «техникалық ақау» салдарынан Мэриленд штаты Эндрюс біріккен базасына қайтуға мәжбүр болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

CNN-нің хабарлауынша, Мелания Трамппен саяхаттап жүрген журналистер әуеге көтерілгеннен кейін 10 минут өткен соң қою түтіннің шыққанын байқап, ыстың иісін сезген.

Ұшақтың ойдағыдай жерге қонғаны аталып өтілді. Қону кезінде БАҚ өкілдеріне сулы орамалдар берілген.