НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік бағдарлама аясында жалдамалы пәтерді пара арқылы бермек болған шенеунік 7 жылға сотталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаменттің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2020 жылдың 7 шілдесінде Өскемен қаласының № 2 сотының үкімімен «Өскемен қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры А.Биғалиева мемлекеттік қызметте өмір бойына лауазым атқару құқығынан және 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалдамалы пәтер беру үшін Д.Сыдықовтан 720 мың теңге көлемінде пара алған», - деді Қайсар Баржақсынов.
Сонымен қатар оның атап өтуінше, аталған үкіммен Д.Сыдықов та пара бергені және алаяқтығы үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.