«Есеп комитеті мемлекеттік қолдау шаралары тұрақтылығында жүзеге асырылатын мембағдарламалардан экономикалық серпінді арттыру үшін резервтерді анықтады», - деп тоқталды Н. Годунова.
Оның сөзіне қарағанда, 2018 жылы Есеп комитеті бағалаған мембағдарламалар бойынша мемлекеттік қолдауды іске асыру жағдайы мен тетіктерінің 40 пайызы өзгеріске ұшырады.
«Мемлекеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу кезінде қаржыландыру лимиттерін жеткізу, сондай-ақ бағдарламалар жобаларын Есеп комитетімен келісу - мемлекеттік ресурстардың тиімсіз жұмсалуына елеулі түрде тосқауыл қояды деп санаймыз», - деді ол.
Н. Годунованың пайымынша, бұл күш-жігерді ең маңызды басымдықтарға жұмсауға, бағдарламалардың толықтай қаржыландырылуына ықпал етеді.
Оның айтуынша, қазіргі кезде жалпыұлттық мақсаттардың 32 пайызы мемлекеттік бағдарламалардың деңгейіне дейін, 35 пайызы орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына дейін, 68 пайызы аумақтарды дамыту бағдарламаларына дейін каскадталмаған.