Мемқызмет - кәсібилікті және күйзеліске төзімділікті талап ететін жұмыс
Мемлекеттік қызмет - бұл көп еңбек етуді қажет ететін, өте жауапты, жоғары кәсіби дәреженің және күйзеліске төзімділіктің болуын талап ететін ауыр жұмыстардың бірі. Бұл қызметте әрқашан да жағымды психологиялық климат пен эмоционалдық қысымды шешу мүмкіндіктері жоғары бағаланады.
Тренинг барысында түрлі психологиялық жаттығулар ұйымдастырылып, олар мемлекеттік қызметшілерге өз болмыстарын одан да жақсы түсінуге, әлдеқайда үйлесімді болуға, өздерінің жақсы және жаман жақтарын көруге, өзге адамдарды жақсы түсінуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар тренингке қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің бойынан табылуға тиісті жоғары моральдық қасиеттерді талқылады. Парасаттылық, жауаптылық, прагматизм, икемділік, күйзеліске төзімділік, сенімділік сияқты қасиеттерге баса назар аударылды.
Департамент басшысы Берген Беспалиновтің айтуынша, ұжым ішіндегі жағымды әрі жайлы климат - ол табысы еңбек үдерісінің маңызды элементі болып табылады.
«Психологиялық жайлылық былайша айтқанда жұмыс үдерісіне және өзара бірлесіп атқарылатын еңбектің нәтижесіне тікелей ықпал етеді, сол себепті мемлекеттік қызметшілердің арасындағы сапалы өзара әрекеттестікке зор көңіл бөлген дұрыс» - деген пікірін білдіреді Беспалинов.