Атап айтқанда, «Ашық диалог» порталында нақты уақыт режіміндегі интернет-конференцияда әкімшілік мемлекеттік лауазымды иеленуге конкурсты өткізу ережесіне сәйкес, әрбір кандидатпен сұхбаттасу барысы тиісті техникалық құралдарымен жазылатыны еске салынды.
«Қызметке тұру процесінің барынша ашықтығы тұрғысында конкурс жариялаған мемлекеттік ұйымның ресми сайтында сұхбаттасудың видео жазбасын орналастыру мүмкіндігі бар ма? Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде кандидатпен сұхбаттасудың тікелей эфирін жүргізу мүмкіндігі қарастырыла ма?», - деп сұрады Тимур Мұқашев есімді азамат.
Өз кезегінде Айгүл Шайымова мемлекеттік қызметке іріктеуді жетілдіру шараларына тоқталды.
«Мемлекеттік қызметке іріктеу рәсімін ары қарай жетілдіру аясында, агенттік онлайн режімде сұхбаттасу барысын жазуды қамтамасыз етудің мүмкіндігін зерттеп жатыр. Дербес деректер және оны қорғау туралы заңнамасының талаптарын орындау қажеттігін ескере отырып, аталған мәселе өкілетті мемлекеттік органдармен бірлесе пысықталуда», - деді А. Шайымова.