«Pocketbook (Әдеп кодексінің қалта кітапшасы) арнайы мемлекеттік қызметкерлер үшін дайындалған. Онда мемлекеттік қызметкерге қажет дүниенің барлығы бар»,-деді Қ.Сапарғалиев.
Ішкі саясаттағы БАҚ секторының меңгерушісі Әлібек Тұсымбетов кітапшаны оқып шыққанын, қалта нұсқа өте түсінікті тілмен жазылған ыңғайлы құрал екендігін жеткізді.
Қалта кітапша кодекс пен қатар, қызмет уақытында орын алған жағдайларға байланысты сараптау жұмыстарын да мысалға келтіреді. Осы мысалдар негізінде қандай шешімдар қабылдануы керек екендігін айтып, кеңес береді.