деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жүйе құрушы банктердің капиталынан мемлекет қалай шығатындығы жөнінде 2010 жылы принципті шешім қабылдау қажет», деді брифингте К. Мәсімов.
Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттің еліміздегі жүйе құрушы банктердің капиталына кіруі уақытша шара болды. «Біз банк жүйесін мемлекеттендіруді қаламаймыз, біз банк жүйесіне тек тұрақтандыру кезеңінде кірдік. 2010 жылы мемлекет банк жүйесінен қалай шығатындығына нақты жауап беруіміз қажет», деді ол.