Мемлекет аграрлық сектормен қатар ауылға да басымдық беру керек - Ғ.Қасымов

АСТАНА. 31 наурыз. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Мемлекет аграрлық сектормен қатар ауылға да басымдық беру керек. Бұл пікірді бүгін елордада өткен он-лайн конференция барысында ҚР президенттігіне кандидат Ғани Қасымов білдірді.

«Бізде халықтың 44 пайызы ауылды жерде тұрады. Сондықтан, менің ойымша, аграрлық секторға және тек қана секторға ғана емес, ауылға да мемлекет басымдық беру керек», - деді ол.

Оның пайымынша, ел Үкіметі ауыл халқының дамуымен айналысуы қажет. Ал осы орайда бұл жұмыстардың негізгі көрсеткіштерінің бірі - елді мекендерде тіршілік етіп жатқан азаматтардың толықтай жұмыспен қамтылғаны жөн.

«Ауылдық жерде егістік немесе күзгі жиын-терімге тәуелсіз жыл бойғы қызмет нысаны болуы қажет», - деп түйіндеді ойын Ғ.Қасымов.