«Сыртқы конъюнктураны және сыртқы жағдайларды назарға ала отырып, дамудың сценарийлік болжамдары мен тиісті шаралар топтамасы әзірленді. Бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету бойынша тәсілдер қалыптастырылды. Бұл ретте мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін қаржыландыру толық көлемде орындалатын болады», - деді Руслан Дәленов Үкімет отырысында.
Оның айтуынша азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорлары жұмыс істеуде. Еңбек нарығындағы жағдайға мониторинг жүргізіліп, инвестициялық жобалар пулы іске асырылып жатыр.
«Бұл шаралар макроэкономикалық тұрақтылықты сақтауға бағытталған», - деді ол.