АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басышысы хатшылықтың ҚР аумағында болуы шарттары жөнінде келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
— Мемлекет басшысы «2007 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы арасындағы Хатшылықтың Қазақстан Республикасының аумағында болуы шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — деп хабарлады Ақордадан.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Бақытгүл Абайқызы
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)