Мемлекет басшысы 8 қыркүйек күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Фото: Parlam.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.

Бұл туралы бүгін өзінің Telegram арнасында ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.