Мемлекет басшысы Ақмола облысындағы егін жинау науқанымен танысты

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Президентке биыл өңірдегі егіс алқабының көлемі 300 мың гектарға ұлғайып, 5,5 миллион гектарға жеткені баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Болжам бойынша аймақтағы агроқұрылымдар 7 миллион тоннадан астам дәнді, 650 мың тоннадан аса майлы дақыл жинамақ.

Фото: Ақорда

Бүгінге дейін 3,6 миллион тонна астық бастырылды. Орта есеппен 1 гектар алқаптан 15,4 центнер өнім алынған. Жиналған өнімнің сапасы жоғары.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірде мол өнім беретін майлы дақылдар алқабын ұлғайту жұмыстары жалғасып жатыр.

Фото: Ақорда

2023 жылмен салыстырғанда мұндай егістік алаңының көлемі 2,5 есе артып, 495 мың гектарға жеткен.

Фото: Ақорда

Осындай көпбейінді шаруашылықтардың бірі – «Зеренді сақтау өнімдері» ЖШС. Кәсіпорын директоры Ербол Жауаровтың айтуынша, шаруашылық дәнді және бұршақты дақылдарды өсірумен, сиыр, жылқы тұқымдарын асылдандырумен айналысады.

Фото: Ақорда

Бұдан бөлек, серіктестіктің қуаттылығы 2,5 мың тонна болатын май зауыты, құс фабрикасы мен диірмені бар.

Фото: Ақорда

Бұдан бұрын Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапарымен барғанын жазған едік.