Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа Техас штатындағы алапат су тасқыны салдарынан көптеген адамның, соның ішінде балалардың қаза тапқанына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы қайтыс болған азаматтардың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. 

Айта кетелік Техаста су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 43 адамға жеткені туралы жазған едік