Мемлекет басшысы Ақтөбе қаласындағы үстел теннисі орталығына барды

Фото: Фото: Ақорда

Президентке орталықтың директоры Әсет Сағымбаев нысанның жұмысы жайында мәлімет берді, деп хабарлайды Kazinform.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған бұл спорт кешені халықаралық стандарттарға сай келеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің батыс өңіріндегі ең ірі үстел теннисі орталығының мүмкіндіктері таныстырылды.

Кешеннің барлық корты сертификатталған және құрал-жабдықтары Еуропадан әкелінген. Мұнда әртүрлі жастағы кәсіби спортшыларды дайындауға және халықаралық, әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік бар.

Бүгінде орталықта 268 бала үстел теннисімен айналысады.